Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды
«Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды. Қазір оның кім екені анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған 7 адамның да денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам кеніште қалып қойған еді. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен жедел жәрдем бригадалары жіберілген. Іздестіру-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді.
Бексұлтан-Әли Рахымбаев, ҚР ТЖМ ТЖ алдын алу комитетінің бас маманы:
Кеніштегі төтенше жағдай салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді. ТЖМ командалық оқу орталығының Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штаб жұмыс істейді. Ақпарат алу үшін жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03