Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия қаза тапқан кеншілердің жақындарына көмек көрсетілетінін айтты
Кен орнын аралағаннан кейін комиссия мүшелері Жезқазған қаласына келді. Ол жақта штаб жиналысын өткізіп, қаза тапқандардың жақындарымен кездеспек. Ұлытау облысында жұмыс істеп жатқан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы байланыста.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Алдағы екі күнде жергілікті билік қаза болғандарды соңғы сапарға шығарып салуға көмектесуі керек. Ал сараптама, зерттеу жұмысымен айналысып жатқан мамандарға 10 күн уақыт беремін. Апаттың салдары анықталып, Үкіметке есеп беріңіздер. Сол шешімге қатысты «Қазақмыстың» алдағы жұмыс бағыты анықталады. Экономикамызға зор үлес қосып отырған компания екенін білеміз. Дегенмен әр апаттың артында біреудің қателігі тұрады.
Нұрахмет Нұриев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы:
Ертең біз қаза болғандардың отбасыларына барып, жағдайларымен танысамыз. Қанша несиесі бар екенін анықтаймыз. Сосын толық жауып береміз. Одан соң жұмысқа орналастыруды, тұрғын үйлерін кеңейтуді сұрағандар да бар. Ол өтініштерін де орындаймыз. Өйткені «Қазақмыс», кінәні және жауапкершілікті толық мойнына алып отыр.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15