Ұлытау облысындағы апат болған кеніш сараптамадан кейін іске қосылады
Ұлытау облысындағы апат болған кеніш сараптамадан кейін бірақ іске қосылады. Ал қазір қызметкерлерінің де кіруіне рұқсат етілмейді. Тек сараптама жүргізу үшін мамандар кенішке түсе алады. Бұл - әуелі қауіпсіздік, одан соң талдау нәтижелерінің нақты болуы үшін жасалып отыр. Өйткені жарылыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Үкімет комиссиясының төрағасы Қанат Бозымбаев атқарылуы тиіс жұмысты толық жүйелеп, барлық жауапты органға нақты тапсырма берді. Кеніштің алдағы жұмысы комиссияның шешіміне тікелей байланысты болмақ.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Тиісті сараптамалардың нәтижесін 10 күн ішінде Үкіметке ұсыну керек. Соның негізінде кеніштің осы режимде жұмыс істеуге болатыны немесе болмайтыны жөнінде шешім қабылданады. Егер болмайтын болса, қандай іс-шара қабылдаймыз, қандай жабдық қажет, соны анықтаймыз. Бастысы қауіпсіздік техникасын күшейту және оның сақталуын қатаң бақылауда ұстауымыз керек.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53