Сенаторлар: Еңбек заңнамасы мен тәжірибесіне өзгеріс керек
Еңбек саласындағы кез келген дау-жанжалды шиеленістермей шешу керек. Ол үшін еңбек төрелігінің құзіретін кеңейту аса маңызды. Осылай деген Сенаторлар ұжымдық қарым-қатынастар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ниетті. Заң жобасында бірлестік еркіндігі мен ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын кеңейту, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауын шешу тетіктерін реформалау көзделген. Бұл өзгерістер қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға да серпін бермек.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған және Нәрікбаев университетінің ғалымдары дайындауға қатысқан осы заң жобасы Президентіміз жариялаған биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қарапайым еңбек адамдарының құқығын қорғауды одан әрі жетілдіреді, кәсіродақтардың мәртебесін нығайтады, сонымен бірге жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы әлеуметтік диалогті кеңейтеді деген сеніміміз бар. Жалпы, осы заң жобасы биылғы жылы Парламенттің қарауына ұсынылады.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01