Премьер-министр: Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнде айналысуы керек
Инвестиция тартумен әкімдер мен министрлер күнделікті айналысуы керек. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы жайында өткен кеңесте осыны еске салды. Сондай-ақ іске асыру мерзімдері шегерілген инвестициялық жобаларға да тоқталды. Әкімдіктердің бұл бағыттағы жұмыстарына шүйлікті. Сонымен қатар кеңес барысында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне әсер ететін бірқатар түйткілдерді атап өтті. Олардың қатарында инфрақұрылымның тапшылығы, күрделі әкімшілік рәсімдер мен рұқсат берудегі кідірістер және жер телімдерін берудің мерзімдеріне қатысты мәселелер бар.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция тарту – басы артық бюрократиядан арылып, жедел ведомствоаралық үйлестіруді талап ететін аса маңызды жұмыс екенін айтты. Мемлекеттік органдар, әсіресе әкімдіктер жобаның іске асырылу барысын «тікелей» бақылауы керек. Әкімдер мен министрлер инвестиция тартумен күнделікті айналысып, бүгінгі күннің басты міндеті - инвесторлардың мәселелерін жедел шешуі қажет.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10