Еліміздегі еңбек заңнамасы мен тәжірибесіне өзгеріс керек
Кәсіпорындардағы қауіпсіздікті жақсарту үшін ең алдымен мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру қажет. Сала мамандары осылай дейді. Сондай-ақ кәсіподақтар да өз тарапынан қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Еңбек саласындағы кез келген дау-дамайды шиеленістермей шешу де маңызды. Ол үшін еңбек төрелігінің құзіретін кеңейту қажет. Осылай деген сенаторлар ұжымдық қарым-қатынастар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ниетті.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Парламент депутаттарының бастамасымен дайындалған және М.Нәрікбаев университетінің ғалымдары дайындауға қатысқан осы заң жобасы Президентіміз жариялаған биылғы «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында қарапайым еңбек адамдарының құқығын қорғауды одан әрі жетілдіреді. Кәсіподақтардың мәртебесін нығайтады, сонымен бірге жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы әлеуметтік диалогты кеңейтеді деген сеніміміз бар. Жалпы осы заң жобасы биылғы жылы Парламенттің қарауына ұсынылады.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15