Перизат Қайрат ісіне қатысты жаңа дерек жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат ісіне қатысты тағы бір жаңа деректі жариялады. Ол 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысындағы «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Жұрттың сенімін арттыру үшін орталыққа мүгедек балалар мен олардың ата-аналарын шақырған. Нәтижесінде жиналған 22 миллион теңгені құрылыс жұмыстарына емес, өз қажетіне жұмсаған. Сотқа дейінгі жаңа тергеу басталды.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Тергеу материалдарына сай күдікті 48 миллион теңге жиналғанын және оңалту орталығы үшін 100 миллион теңге тұратын нысан сыйға берілгенін жария еткен. Сондай-ақ Перизат Қайрат орталық қажеттігі үшін 30 млн теңгеге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген. Алайда тергеу барысында бұл жер телімі «Батыр» қоғамдық бірлестігі тарапынан 2019 жылы сатып алынғаны анықталды. Нәтижесінде оңалту орталығының құрылысы басталмаған, ал сыйға берілді деп көрсетілген нысан шын мәнінде жоқ болып шықты.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02