Қысқы Азия ойындарының чемпиондары елге оралды
Қысқы Азия ойындарының чемпионы, ерлер эстафетасының күміс жүлдегері Владислав Киреев және биатлоннан бас жаттықтырушы Мақсат Шаранов елге оралды.
Спортшыларды олардың жақындары мен достары және жанкүйерлері гүл шоқтарымен күтіп алды.
Айта кетейік, Владислав Киреев биатлоннан жекелей сында 10 шақырымдық жарыс жолын 29 минут 47,4 секундта жүріп өтіп, үздіктер қатарынан көрінген еді. Сондай-ақ биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлде жеңіп алғанын да еске салайық. Олар Жапония құрамасынан небәрі 58 секунд артта қалып, екінші орынды иеленген болатын.
Владислав Киреев, IХ қысқы Азия ойындарының чемпионы:
Көңіл-күйім тамаша, қаншама адам күтіп алып жатыр. Мұндай қолдау мен үшін де, жалпы спортшылар үшін де өте маңызды. Баршаңызға рақмет! Біз ары қарай әлем кубогына дайындықты бастаймыз. Өздеріңіз білетіндей, бұдан бөлек олимпиада маусымы басталады. Сол үшін бізге лицензия жеңіп алу керек.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02