Оңтүстік Кореяда көпір бағандары құлап, 4 адам қаза тапты
Бүгін Оңтүстік Кореядағы автомагистральда салынып жатқан көпірдің болат бағандары бірінен соң бірі құлады. Соның салдарынан төрт адам қаза тауып, сегізі жараланған. Госпитальге жеткізілгендердің бесеуі ауыр халде жатыр. Құтқарушылар тағы бір адамды таба алмай әлек. Бұл туралы оңтүстік корейлік «Йонхар» агенттігі хабарлады.
Қайғылы оқиғадан кейін уақытша президент Чой Сан-мок мәлімдеме жасады. Жоғалып кеткен адамды іздестіруге және мұндай жағдайға енді жол бермеу үшін барлық күш пен ресурстарды жұмылдыруға шақырды.
Биіктігі 50 метрлік бағандардың не себепті опырылып түскені белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00