Жетісу облысында су басуы мүмкін 47 ауыл анықталды
Жетісу облысында су басуы ықтимал деген 47 ауыл анықталды. Алдын алу мақсатында өңірде өзен арналарын бекіту, арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Гидрологиялық болжам бойынша Жетісу облысында су тасу қаупі бар аймақтарға Алакөл, Ескелді, Көксу және Кербұлақ аудандары мен Текелі қаласы жатқызылды. Біз қазір Көксу ауданында тұрмыз. Бұл ауданда еріген қар суы келуі мүмкін деген бірнеше ауыл анықталған. Дәл қазір сол елдімекендерде арықтарды тазарту, дамбыларды нығайту және өзендердің жағалауын бекіту жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Нарұл Абайұлы, Көксу аудандық әкімдігі жалпы бөлімінің бас маманы:
Жалпы, Көксу ауданы бойынша су басу қаупі бар деген себеппен 5 ауылдық округ анықталды. Оның ішінде Талапты, Мұқыр және Жарлыөзек ауылдық округтарында жұмыстар толықтай аяқталды. Қазіргі уақытта Мұсабек және Мұқаншы өзенінің бойында өзен жағалауын қалпына келтіру және дамбыларды қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Биыл өңірде жауған қардың орташа қалыңдығы 26 сантиметр болса, жердегі тоң 45 сантиметр. «Қазселденқорғау» және «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, биылғы қыс 2024 жылдың қыс мезгілімен ұқсас болып тұр. Демек аса бір алаңдайтындай негіз жоқ. Сондай-ақ барлық қауіпті учаскеде күзет, кезекшілік жұмыстары күшейтілген.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15