Жол апаттарының 96 пайызына жүргізушілер кінәлі
Соңғы 1 жылда жол көлік оқиғасы 2 есе өсті. Жарақаттанғандар мен көз жұмғандардың саны да көбейген. Жол апаттарының 96% жүргізушілердің кінәсінен болған. Сенатта өткен жиында жолдағы қауіпсіздік мәселесі талқыланып, оны қамтамасыз етудің бірнеше бағыты аталды. Алғашқысы жол инфроқұрылымын дамыту және ереженің сақталуын барынша бақылау. Ал, ең негізгісі - жүргізушілердің мәдениетін арттыру. Ішкі істер министрлігінің өкілі «Жүргізушілерді дайындау және оларға құжат беру саласы жемқорлықтың ордасына айналды. Көліктің рөліне отырып көрмеген азаматтар куәлікті сатып алғандықтан апат та азаймайды» - деп мынадай ұсыныс жасады.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Көлік жүргізушілерін дайындау мектептерін бақылау ІІМ-ге жүктелген. Ал емтихандарды қабылдап, басқа жұмыстарды атқару Азаматтарға арналған үкіметке тапсырылып отыр. Бұл мәселені бір органға беру керек. Азаматтарға арналған үкімет толық алсын. Сол кісілер аяғына дейін жауап берсін. Немесе ІІМ-ге соны толық қайтарып беріңіздер.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15