Павлодарда «Halyk Bank-ті» тонағандар Ресейде ұсталды
Павлодардағы «Halyk Bank-ті» тонады деген күдікпен бес адам Ресей Федерациясы аумағында ұсталды. Қазір екі ел арасында полицияның бірлескен жедел тергеу тобы құрылды. Тұтқындалғандардың бәрі Ресей елінің азаматтары. Оларды Қазақстанға әкелу мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске салсақ, былтыр қараша айында «Halyk Bank-тің» Павлодардағы бөлімшесі тоналды. Ұрылар жертөле арқылы қабырғаны бұзып кіріп, ақшаны алып кеткен. Ресми емес дерекке қарағанда банк 1 млрд теңге көлемінде қаржысынан айрылған. Ал, құнды қағаздар мен бағалы бұйым, асыл тастарға тимеген. Осы оқиғадан кейін еліміздің банктерінде күзет күшейтіліп, қауіпсіздікті нығайтуға арналған қосымша шаралар қабылданды.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14