Елімізде инвесторлардың құқығын бұзған 140 лауазымды тұлға жазаланды
Елімізде инвесторлардың құқығын бұзған 140 лауазымды тұлға жазаланды. Бұл туралы Бас прокуратураның өкілдері айтты. Жауапқа тартылғандардың ішінде 74-і әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік орган және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы бар. Құзырлы орган инвесторларды қорғау мәселесіне қатысты 220 қадағалау актісін енгізіп, мемлекеттік органдардың 60 актісінің күшін жойған. Бұдан бұлай инвестордың құқығын бұзу фактісі бойынша кінәлілерді жауапқа тарту мәселесі түбегейлі жолға қойылады, деді құзырлы орган өкілі.
Ризат Смағұлов, ҚР БП қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары:
«Прокурорлық сүзгінің» тиімділігі - бизнес-қауымдастық және Президентпен жоғары бағаланып, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде бекітілді. Осы жылдың 20 қаңтарынан бастап бірде-бір мемлекеттік орган прокурордың келісімінсіз инвесторға қатысты тексеруді тағайындауға, әкімшілік жауапқа тартуға, оның қызметін тоқтатуға, лицензияны қайтарып алуға, келісімшарттарды бұзуға және талап қоюға шара қолдана алмайды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15