Памела Харрис Қазақстандағы құқықтық реформаларды жоғары бағалады
Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Памела Харрис Сот әкімшілігі мен Жоғарғы соттың функцияларын бөлу тиімді шешімдердің бірі екенін айтты. Президент құқықтық мемлекет құруда заң үстемдігін қамтамасыз ету мен сот жүйесін реформалаудың шешуші мәнге ие екенін атап өтті. Памела Харрис ынтымақты жалғастыруға әзір екенін жеткізді. Кездесуде сот төрелігі жүйесін реформалаудың негізгі аспектілері қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған өте маңызды реформаларды қолға алдық. Заң үстемдігі қоғамға дендеп енуге тиіс деп санаймыз. Менің ойымша, бұл еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуі үшін өте өзекті. Сондықтан Халықаралық қауымдастық Қазақстанмен, еліміздің сот жүйесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53