Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы басталды
Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы өтіп жатыр. Құрылғанына 30 жылдан асқан ұйым нені талқыламақ? Келелі жиынға кімдер қатысады? Дәл қазір жиын өтіп жатқан Президенттік орталықта тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес жүр. Ол бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын. Нұрсұлтан, бүгін талқыланатын мәселелерге қысқаша тоқталсаң.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VIII құрылтайы басталып та кетті. Дәл мына залда қазір жиын өтіп жатыр.Оған ұйым мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғам құрылтайшылары мен аймақтық филиал төрағалары қатысып жатыр. Бүгін қоғамның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспарлар сараланады. Атап айтсақ, қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту, ұйымның жұмысы мен басқару тетіктерін жетілдіру сынды мәселелер қаралады. Осы тұста бір қызық дерекке тоқтала кетейін, дүниежүзінде 7 мыңнан астам тіл бар екен. Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-орынға тұрақтаған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15