Түркістанда 44 отбасыға баспана салынды
Түркістандық меценат Райымжан Қошқаров тағдыр тауқыметіне тап болған 44 отбасыға баспана салып берген. Үйлі болғандардың ішінде: жетім балалар, асыраушысынан айырылған отбасылар мен үйі өртеніп кеткендер де бар. Қалалық өзбек этно-мәдени бірлістігі мен «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы мұнымен тоқтап қалмаймыз, дейді. «Жақсылық жаса» бағдарламасында келетін қонақ ерекше. Ол 63 жасқа толғанша мұқтаж жандарға 63 үй салып беруді жоспарлап жүр.
Райымжан Қошқаров, Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлістігі және «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы:
Қазір тізімімізде 15-16 адам бар. Біздің енді шамамыз жылына 3-4 үйден артық келмейді, шамамыздың келгені сол. Енді біз соңғы кездері тексеріп отырамыз Үкіметтен үй ала алмайтын жағдайлар бар. Мәселен күйеуі тірі кезде атында үйі болған. Үйі болған адамға үй бермейді ғой үкімет. Сол үшін үйі жоқтарға ғана саламыз. Жан-жақты тексереміз содан кейін ғана үй салынады. Қазір 1 үйді бітірдік. Тағы бір үйді ертең-арғы күні бастаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14