Талдықорғанда гаражда тұрған көлік жарылып, бір адам зардап шекті
Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында гаражда тұрған көлік жарылып, бір адам зардап шекті. Үйдің иесі таңғы жеті шамасында көлігін от алдырмақ болғанда газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан 40 жастағы ер азаматтың аяқ-қолын күйік шалып, қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы ауыр. Сондай-ақ үй иесінің әйелі үйінді астынан бір баласын шығарып алған. Бала аман, бірақ ауруханаға алып кеткен. Жарылыстан гараж, қора-қопсы жермен-жексен болып, тұрғын үйдің бір бөлігі қираған. Сондай-ақ дүмпуден көрші үйлердің терезелері де сынған.
Марина Гунькина, Еркін ауылының тұрғыны:
Күйеуімнің жағдайы ауыр деді. Екі қолын, аяғын, бетін, кеудесін, жалпы денесінің 20 пайызын күйік шалған деп жатыр. Ал қызымның бір қабырғасы шытынаған. Дәрігерлер гипс салып берді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58