«Жомарт» кенішіндегі апатқа метан газының жарылуы себеп болған
Ұлытау облысындағы Жомарт кенішінде метан газы жиналып, электр жабдықтарының ұшқыны кезінде жарылыс болған. Екі апта бұрын болған оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссия, апаттың алдын ала себептерін жариялады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғалар тобы белгілі болды.
Тергеу аясында 8 шағын комиссия құрылып, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларының сарапшылары тартылған. Олар куәгерлер арасында сауалнама жүргізіп, техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын тексерді. «Жомарт» кенішінің жұмысы әлі тоқтап тұр. Комиссия қауіпті өндірістік объектілерде осындай оқиғалардың алдын алу шараларын әзірледі.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03