Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады
Өткен жылы Ұлытау облысының экономикалық көрсеткіші 8,2 пайызға өскен. Негізгі драйверлер: өнеркәсіп, құрылыс пен сауда саласы. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі айтты.
Дастан Рыспеков инвестиция тарту бойынша да оң динамика барын жеткізді. Мәселен, былтыр 226 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89 пайызы – жеке инвестиция. Биыл құны 138 млрд теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.
Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі:
Мемлекет басшысы өңір экономикасын әртараптандыруды, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көлік-логистикалық әлеуеттті арттыруды және инфрақұрылымды дамытуға арналған тапсырма берілді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15