Оралда Сәулет және қалалық құрылыс бөлімінің басшысы сотталды
Оралда кәсіпкерден 1,5 млн теңге пара алған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұратбек Ташенбаев 7 жылға сотталды. Осы бөлімнің бас маманы 500 мың теңге пара алғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Шенеуніктерге пара берген кәсіпкер де 7 жылын түрмеде өткізеді.
Қаланың бас сәулетшісі көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларға келісім берген. Сауда-саттықсыз, заңсыз жер телімін берген. Ал бас маман Нұрсұлтан Ғатау жер учаскесін іріктеу актісімен келіскен және мемлекеттік қызмет порталына құрылысы жоқ болса да жер учаскесін кеңейту туралы құжатты заңсыз енгізген. Сөйтіп екеуі де лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03