35 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеті таратылады
Мұқтаж отбасыларға 35 мың азық-түлік себеті таратылады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық қоры» еліміз бойынша қайырымдылық марафонын бастады. Діни басқарманың 35 жылдығы және Рамазан айына орай ұйымдастырылған игі шараға республика бойынша барлық мешіттер атсалысады. Бүгіннің өзінде еліміз бойынша ет, ұн, сұйық май мен шай және дәнді дақылдар салынған 3500 себет үлестірілді. Оған қоса жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек те көрсетіледі.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
Барша осы қайырымдылық іске қолғабыс еткен жандарға, кәсіпкерлерге, имамдарға, халқымызға, жамағатымызға Алла разы болсын. Қазақта керемет сөз бар, қайырымды болсаң, қайырын көресің дейді. Мұқтаждарға бүгінгі біздің беріп жатқан қайырымды ісіміз аман-есен жетіп, олардың да қуануын нәсіп етсін. Біз енді қолымыздан келгенше бүгін бастаған қайырымдылық шарамызды жыл соңына дейін жалғастырамыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18