Павлодарда мемқызметкерлер 350 млн теңгені тығып тастаған
Павлодарда баспана кезегінде тұрған тұрғындарға үй салуға бөлінген 350 млн теңге қаржыны мемлекеттік қызметкерлер тығып тастаған. Бұл деректі прокуратура анықтап, кінәлілердің әрекеті облыстық тәртіптік кеңесте қаралды. Мәселе былай. 24 пәтерлік үйді салып жатқан мердігер жұмысты созып, нысанды мерзімінде тапсырмаған. Ал бұған арналған қаржы жыл аяғында бюджетке қайтарылуы тиіс болатын. Бірақ Тереңкөл ауданы әкімшілігінің құрылыс және сәулет бөлімі игерілмеген қаржыны басқа бір шотқа салып жіберген. Бірақ тиынына да тиіспепті. Кінәлілерге лауазымдық қызметіне толық сай емес деген ескерту берілді. Алайда кеңес мүшелері бұндай жазаға толық келіспейді.
Аманкелді Хамзин, облыстық тәртіптік кеңес мүшесі:
Демек сіз заңды белден басып бюджет қаржысын банкке саласыз. Лауазымдық қызметіңізді асыра пайдалану деген осы! Бұл үшін қылмыстық іс қозғалуы керек еді. Прокуратура бұны неге тәртіптік кеңеске жіберіп отыр? Әлде тістеріңіз батпай ма?
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03