ЕуроОдақ лидерлерінің саммиті өтті
Украина және АҚШ делегаттары келесі аптада Сауд Арабиясында кездеседі. Басқосуда бейбітшілік орнату үшін ынтымақ мәселелері талқыланбақ. Мұны Украина президенті Владимир Зеленский Брюссельдегі ЕуроОдақ елдерінің саммитінде растады. Кездесу сейсенбіде әр-Риядта өтуі мүмкін. Ал ЕуроОдақтың кезектен тыс саммитінде екі негізгі мәселе: Украина және Еуропаның қорғанысын нығайту талқыланбақ. Еуропа лидерлері қорғаныс шығындарын күрт көбейтуге келісті. Бұған қоса Украинаға қаржылай және әскери көмекті жалғастыруға уағдаласты. Дегенмен Украинаны қолдау туралы декларация қабылданған жоқ. Құжатты Мажарстан құптамады.
Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия төрағасы:
Біз бейбіт күшті қалаймыз. Сол себепті мен саммитте «Еуропаны қайта қаруландыру» жоспарын ұсындым. Бұл бойынша қорғанысқа 800 млрд еуро бөлу қарастырылған. Бұл мүше мемлекеттердің Украинаның қорғаныс саласына инвестиция салуға, әскери әлеуетті арттыруға мүмкіндік ашады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15