Германияда ереуілге байланысты жүздеген ұшақ рейсі тоқтатылды
Германияның ең ірі 13 әуежайындағы қызметкерлер жалпы ұлттық ереуіл жариялады. Осыған байланысты жүздеген әуе рейсі тоқтатылған. Германияның бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, күні бойы мыңдаған ұшақ көкке көтерілмеуі мүмкін. Бұл жарты миллионнан астам жолаушыны жолынан қалдыруы ықтимал. Ереуілді кәсіподақ ұйымдастырған. Әуежай қызметкерлері жалақыны 8 пайызға өсіруді, бонустар мен демалыс күндерін көбейтуді талап етіп отыр. Наразылық акциясы әлі жалғасып жатыр.
Юрген Нотнагель, әуежай қызметкері:
Біз әділ жалақыны талап етеміз. Барлығы қымбаттап жатыр, жалға алу ақысы, жарық, жылу бағасы соңғы бірнеше жылда 500-ден 600 евроға дейін өсті. Үнемдеу мүмкін емес. Кейде мүлдем ақшасыз қаламын. Бұл шындық.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15