«Asar Baspana» қаржы пирамидасынан 86 мың адам зардап шекті
«Asar Baspana» қаржы пирамидасынан 86 мың адам зардап шеккен. Қаржы мониторингі агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Пирамида тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген. Ұйымдастырушылар азаматтардан 12,4 миллиард теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен. Шын мәнінде нақты бизнес болмаған. Салымшылар өткен жылдың соңында күдіктене бастаған. Сондықтан ұйымдастырушылар автосалон ашып, ресми дилерлермен әріптестік орнаттық деген жалған ақпарат таратып, азаматтарды адастырып келген. Агенттік күдіктілерден 1,1 млрд теңге, Toyota Land Cruiser 300 және Lexus 570 сынды 10 премиум санатты автокөлік тәркіледі.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Тергеу барысында серверлік деректер қалпына келтірілді. Сайт деректеріне сәйкес, «Gold» деңгейіне жеткен 15,5 мың салымшының тек біреуіне ғана пәтер берілген. «Platina» бағдарламасы бойынша 15 мың үміткердің арасынан тек бір салымшыға ғана көлік берілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03