Қазақстанның 8 облысында су тасқыны қаупі бар
Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көктемде су басуы мүмкін өңірлерді атады. Оның айтуынша, ел аумағының 71 пайызы қар құрсауында жатыр. Қауіпті аймақтар қатарында Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстары бар. Ал қауіптілігі орташа өңірлер Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары. Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары тасқын қаупі төмен аймақтар тізіміне енген. Министр наурыз-сәуір айларындағы күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның мол түсетіні болжанып отырғанын, ал бұл тасқынға себеп болатынын атап өтті.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
«Қазгидромет» алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының күтілетін ең жоғары мәндері, ағын көлемі және сондай-ақ қауіп аймағында орналасқан елдімекендерді белгілей отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Гидрометеорологиялық ахуал күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» дауылды ескертуді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды.
Серік Жұмабекұлы
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16