Аустралияда жергілікті тұрғын титан жүрекпен 100 күннен артық өмір сүрген
Аустралия тұрғыны титаннан жасалған жүрекпен 104 күн өмір сүрген. Мұндай жағдай әлемде бұрын-соңды болмаған. Ал бірер күн бұрын 40 жастағы пациентке донорлық жүрек салынды. Аустралиялық дәрігерлердің сөзінше, науқастың үш жарым ай бойы тірі жүруі «титан жүректің» клиникалық тұрғыдан сәтті жасалғанын білдіреді. Және де келешекте осы құрылғының арқасында донор күту қажет болмауы мүмкін. Айта кетсек, бұған дейін трансплантацияны күткен адам имплантпен 27 күн жүрген екен.
Дэниел Тиммс, жасанды жүрек құрылғысын жасаған өнертапқыш:
Оның кеудесінде 104 күн бойы құрылғы болды. Яғни пациент жасанды жүрекпен транспалантацияны үш жарым ай күтті. Осы уақыт ішінде науқас ауруханадан шығып, үйіне барып келді. Әлемде мұндай оқиғаға алғаш рет куә болып отырмыз. Емделуші расында да госпитальден тыс жерде қалыпты өмір сүрді. Біздің мақсатымыз да сол еді. Осының бәрін көріп, келешекте адамдарды транслплантацияға қайтару қажет болмай қалады деген ғажап үміт пайда болып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00