Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында іскерлік байланыс орталығы ашылады
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық сауда орталығы ашылады. Сенат екі ел арасындағы келісімді ратификациялады. Жаңа орталық Атамекен және Гүлстан өткізу пункттерінің маңында орналасады.
Яғни екі елдің шекарасында жергілікті шикізатты пайдаланатын өндіріс нысандары іске қосылмақ. Құрылысын екі елдің кәсіпкерлері қаржыландырады. Осылайша халықтың жүріп-тұрысы жеңілдеп, кедендік рәсімдер жылдамдайды. Логистикалық шығындар азайып, шекара маңындағы сауда жанданады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
Орталық Азия халықаралық өнеркәсіптік коопреация орталығының мәртебесі оның қызмет түрлері мен қызметі белгіленді. Бұл заң бауырлас екі елдің іскерлік байланыстарын нығайтуға, сондай ақ сауда-экономикалық қарым-қатынастың ары қарай дамытуға оң ықпал тигізеді деп сенеміз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53