БҚО-да жол мен көпірді су басып, ауылдар қатынассыз қалды
Батыс Қазақстан облысында бірнеше тасжол мен көпірді тасқын су бұзып өтіп, үш ауыл көлік қатынасынсыз қалды.
Сырым ауданы Аралтөбе ауылының тұсында, Ақсай-Жымпиты облыстық маңызы бар автожолының 27-шақырымында қар суынан Шідерті өзенінің деңгейі көтеріліп, уақытша көпірді су басты. Былтыр осы аумақта басты көпір жөндеуге жабылып, мердігер уақытша өткел орнатқан. Бос топырақ тасқын судың нөпіріне шыдай алмай, бетон плита опырылып түскен.
Салдарынан жол жабылып, Аралтөбе мен Талдыбұлақ ауылдарына дейін көлік қозғалысы тоқтатылды. Сырым аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Қаратөбе ауданы Ақтайсай ауылының тұрғындары да қатынассыз қалды. Аудан орталығымен байланыстыратын жалғыз жолды даладан келген қарғын су басты. Бұл жылда көктемде қайталанатын жағдай. Былтырғы алапат тасқында осы ауданның 8 елдімекенімен қатынас үзіліп, азық-түлік, керек-жарақ тікұшақ арқылы тасымалданған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04