Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында белгісіз ұшу аппараты табылды
Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында белгісіз ұшу аппараты табылды. Әскери нысанды Атамекен ауылының тұрғындары қыстақтың маңынан тауып, полиция бөліміне хабарлаған. Аппараттың ұзындығы - 3, ені - 2 метр. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігінің қызметкерлері шұғыл жетті. Тексеру шаралары басталды. Тасқала - облыстың солтүстік-батысында орналасқан, Ресейдің Саратов облысымен шектесетін аудан. Айта кетейік, тура бір ай бұрын Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының маңынан осыған ұқсас, бірақ бұдан кішілеу белгісіз ұшу аппараты табылған еді.
Нұржан Қуанғали, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Тасқала ауданында сыртқы түрі пилотсыз ұшу аппаратына ұқсайтын нысанның табылу фактісі бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Аталған нысан елді мекендерден алыс, қашықтағы аумақта табылған. Ол бүтін күйінде, көзге көрінетін зақымсыз күйде анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03