Мәжілісте саяси реформалардың іске асырылу барысы талқыланып жатыр
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы әдеттегіден ерекше өтеді. Жаңа ғана басталған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі тақырыбы көтерілмек.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Бүгінгі жиында әдеттегідей көп заң жобасы қаралмайды. Күн тәртібіне Қазақстан мен Түркменстан үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу туралы келісім қаралып, ратификацияланады. Одан соң Президенттің бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар, мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі көтеріледі. Бұған дейін мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қабылдағаны белгілі. Яғни мемлекеттік органдар азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуі тиіс. Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауынан екендігіне назар аударған. Оны жүзеге асыру үшін «Күшті Президент, Ықпалды Парламен және есеп беретін үкімет» формуласы да қабылданды. Мысалы мәжіліс депутаттары бір мандатты тәсілмен сайлана бастады. Партия атынан іріктелетіндердің үлесі 70 пайыз. Ауыл, аудан әкімдерін сайлауды бастап кеттік. Маңызды шешімдер референдум арқылы қабылданып жатыр. Яғни, халық елдің саяси өміріне белсене араласа бастады. Бүгінгі жиынға адам, бала, кәсіпкерлердің құқықтары жөніндегі уәкілдер, әр өңірдің мәслихаттарының төрағалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, партия өкілдері, Республикалық БАҚ басшылары шақырылған. Яғни, отырыста барлық салада атқарылып жатқан негізгі жұмыстар талқыланады. Кемшін тұстары болса оны шешудің жолдары қаралады. Алдағы шығарылымдарда айтылған мәселелерге толығырақ тоқталамын. Айнұр.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Германияның Михендорф қалашығында Аяз аталар дәстүрлі жүгіруден жарысты
08.12.2025, 14:10
«Қазақы тазы» тұқымының республикалық байқауы өтті
08.12.2025, 14:08
Шығыс Қазақстанда қысқы туризм маусымы ашылды
08.12.2025, 14:07
Еліміз бойынша 814 км өзен арнасы тазартылады
08.12.2025, 14:06
Кәсіпорын табысының бір бөлігі халық игілігіне жұмсалуы керек
08.12.2025, 14:05
БҰҰ Украина бойынша отырыс өткізеді
08.12.2025, 14:04
Таиланд пен Камбоджа арасындағы даулы шекарада қарулы қақтығыс қайта басталды
08.12.2025, 14:03
Ақтөбе облысында автобус аударылып, 5 адам қаза тапты
08.12.2025, 14:02