Қостанай облысында ардагерге құрмет көрсетілді
Қостанай облысының Рудный қаласында тұратын ардагер Ілияс Екібаев Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше құрметке бөленді. Жергілікті кәсіпорындар мен шаруашылық ұйым қызметкерлері ақсақалдың үйіне барып, мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.
Ілияс ата екінші дүниежүзлік соғыста талай кескілескен ұрыстарға қатысқан майдангер. 18 жасында соғысқа аттанып, 54-атқыштар полкінде қызмет етті. Қолына пулемет алып, Курск маңында фашистермен шайқасты, Днепрді басып өтіп, Варшаваны азат етті, Берлинді алып, жеңіліске ұшыраған Рейхстагтың қабырғасына атын жазды. Биыл абыз ардагер 100 жасқа толды. Наурыз мейрамы мен мерейтойы қатар келген қарияны жергілікті жұрт құттықтауға келді.
Ілияс Екібаев, соғыс ардагері:
Соғыс деген нәрсені айтуға керегі жоқ! Одан ешкім жақсы болмайды. Соғыс деген сөзді ұмытыңдар! Достық, аға-іні, апа-қарындас деген жақсы сөздермен өздерің көретін күндеріңді қандай несібе берді, сонымен өткізіңдер.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04