Талдықорғанда «Жаңару күні» өткізілді
Талдықорғанда «Жаңару күнінде» бұлақтардың көзі ашылып, арнасы тазартылды. Игі шарада өңірдің ақ жаулықты аналары мен ақсақалды қариялары бастаудың маңайын жинастырып, қайнар суынан дәм татты. Қайнарға «Наурыз бұлақ» атауы беріліп, игі тілектер айтылды. Сондай-ақ қала жұртшылығы қала кіреберісіндегі саябаққа ағаш көшеттерін егіп, жаңару күніне жұмыла ат салысты.
Ауқымды шараға облыстық сот пен прокуратура қызметкерлері, қоғамдық бірлестік өкілдері, экобелсенділер қатысты. Көктем айларында облыс орталығында екі мың түп ағаш егіледі. Ал жалпы облыс бойынша биыл 120 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Айтақын Бұлғақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын:
Көктем келіп, қардың көбесі сөгіліп, жердің тоңы жібіп жатқан кезде дәстүр бойынша жылдағы ағаш отырғызу рәсімі болып, бұлақ көзі ашылып жатыр. Бұның бәрі болашақтың еншісіне жазылады. Табиғаттың таза болғаны, айналаның табиғаттың сұлу болғаны, ол адамзаттың денсаулығы үшін зор байлық, зор денсаулық деген осы табиғаттан басталады.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15