Сенат жаңа су кодексін талқылауды бастады
Бүгін сенат жаңадан дайындалып жатқан су кодексін талқылайды. Құжат Президенттің 2022 жылғы 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. Қоғамның, Үкіметтің және Мәжілістің талқысынан өткен кодекс бүгін Сенаттың қарауында.
Су кодексі және оған ілеспе түзетулер бүгін бірінші оқылымға дайындалған. Жаңа кодексте су ресурстарын пайдаланудан гөрі қорғауға басымдық беріліп, экономиканың барлық саласына суды үнемдеу қағидасы енгізіледі. Соңғы жылдардағы оқиғалар, соның ішінде былтырғы су тасқыны су ресурстарын басқару жүйесін реформалаудың маңыздылығын тағы да дәлелдеді. Құжат аясында су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспары әзірленеді. Су шаруашылығын цифрландыру саласында ұлттық ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр. Енді су шаруашылығы құрылымдары толық есепке алынады, сондай-ақ суару мақсатында еріген қар суын жинақтау және одан әрі пайдалану стандарттары көрсетілген. Ауыз суды техникалық мақсатқа пайдаланбау үшін техникалық сумен жабдықтау жүйелерін салынады.
Су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі ілеспе заң жобасы аясында Азаматтық, Жер, Кәсіпкерлік және Экологиялық кодекстерге, сондай-ақ тоғыз заңға өзгеріс енгізіледі. Олар қолданыстағы заңнаманы жаңа Су кодексінің нормаларына сәйкестендіруге бағытталған.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері өңірге 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08
Астанада «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі басталды
29.07.2026, 13:07