Астанада бір мезетте 300 оқушы күй тартты
300 оқушы Наурыз мерекесіне орай бір мезетте күй тартты. Домбырашылар челленджі «Күй күмбірі» деп аталды. Оқушылар Құрманғазының «Балбырауынын», Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқымы» мен халық күйі «Келіншекті» күмбірлете ойнады. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық аспабымызды кеңінен насихаттап, жас домбырашыларға қолдау көрсету. Дирижердің айтуынша, дайындыққа 2 аптадай уақыт кеткен.
Еламан Мәкенов, Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің домбыра және оркестр жетекшісі:
Бұл жерде негізі іріктелген балалар. Барлық күйді жатқа білетін балалар қатысады, 4-5 сыныптың балалары. Бұл күйлер күнделікті орындалып жүрген күйлері, сондықтан бізге аса қатты қиындық тудырған жоқ.
Әмина Асланқызы, №29мектеп оқушысы:
Мен екінші рет қатысып тұрмын. Бір рет 3000 домбырашыда рекорд орнатқанымыз бар. Бұл екінші қатысуым болып тұр. Жоқ, қиын емес. Маған домбыра тартқан ұнайды, оның үстіне қазақ асапабын ұмытпаймыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15