Сейсенбіден бері Газада 700 адам қаза тапты
Газа секторында Израильдің шабуылдарынан сейсенбіден бері 700-ге жуық адам қаза тапты. Мұны «ХАМАС» үкіметінің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, құрбандардың 400-і әйелдер мен балалар. Сонымен қатар «Хамастың» бірнеше жоғары лауазымды өкілі мерт болған. Бүгін Газада опат болғандарды жерлеу рәсімі өтіп жатыр.
Ахмед Әбу, қаза тапқан палестиналықтың туысы:
Бүкіл әлем бәрін көріп отырса да ештеңе болмағандай сыңай танытып отыр. Осы соғыс басталғалы Газада 50 мыңнан астам адам қаза тауып, 100 мыңдайы жараланды. Адамгершілігіміз қайда? АҚШ-та, Лондонда немесе Францияда біреу нақақтан-нақақ өлтірілсе, дүние жұрты көтеріліске шығады ғой.
«ХАМАС» пен Израиль арасындағы 15 айлық соғыс қаңтардың 19-да тоқтады. Бірақ атысты доғару туралы келісімнің екінші кезеңінде тараптар тұтқындарды босату мен өзге мәселелер бойынша уағдаласа алмады. Сондықтан өткен сейсенбіде Израиль Газаға қайтадан соққы бере бастады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15