Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы әзірленеді
Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Құжат 1 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптыларға осындай тапсырма берді. Тұжырымдама қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталады. Сондай-ақ өнеркәсіп және энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша тапсырма берілді. Яғни жауапты ведомствалар осы бағыттағы кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеуі қажет. Бұл көмір химиясы, жерде сирек кездесетін металдарды алу, құрылыс материалдарын жасау салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік береді.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Өңір әкімдіктері қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі әрбір жобаға олар іске қосылғанша толық қолдау көрсетсін. Экология, энергетика министрліктері әкімдіктермен бірге екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтасын. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15