А.Балаева: «Қазақфильмге» тиесілі жерлер сатылмайды
«Қазақфильм» киностудиясына тиесілі жерлер сатылған жоқ. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киностудия төңірегіндегі дау-дамайға қатысты пікір білдірді. Ол өзінің фейсбуктегі парақшасында
««Қазақфильмге» тиесілі жерлер киностудия иелігінде қала береді. Жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылуда» деп жазған.
Сондай-ақ министр киностудияны Астанаға көшіруге қатысты айтылып жүрген қауесет әңгімелерді жоққа шығарды. Тек «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ғана елордаға көшірілмек. Сонымен қатар Президент қол қойған Жарлыққа сай елімізде фильмдерді қаржыландыруға құйылатын қаражаттың 30 пайызы жыл сайын «Қазақфильмге» бағытталатынын жеткізді. Тағы бір жаңалық, демеушілердің көмегімен киностудияда соңғы 15 жылда жүргізілмеген жөндеу жұмыстары басталған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15