Құтқару операцияларына арналған жаңа ұшақ сатып алынды
Бұл көріністі тарихи сәт деп айтуға болады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы тұңғыш рет құтқару операцияларына арналған жаңа ұшақ сатып алды. Көпмақсатты L 410 қос моторлы ұшағы бұрынғысына қарағанда әжептәуір жетілдірілген. Әуе кемесінің басты артықшылығы – қиын жағдайларда жұмыс істеуге қабілетті. Сала министрінің айтуынша, ұшақ топырақ, қар және шөп басқан аэродромдарға еркін қонып, ұзындығы небәрі 500 метр болатын қысқа жолақтан ұша алады. Негізінен аймақтардағы жағдайды бақылауға, гуманитарлық көмек пен жеке құрамды тасуға, сондай-ақ азаматтарды эвакуациялау үшін қолданылады. 65 мемлекет пайдаланатын ұшаққа 19 жолаушы сияды, 2 мың тоннадай жүк тасымалдауға болады.
Шыңғыс Әренов, Төтенше жағдайлар министрі:
Негізі төрт ұшаққа контракт жасалған. Қазіргі таңда осы ұшақ Астанада болады және де солтүстік өңірлерді қамтиды. Бір ұшақ 1 айдан кейін келеді, жазда 2 ұшақ келеді. Сонда біз шығыста бір ұшақты, батыста және оңтүстікте ұстаймыз. Негізгі жоспарымыз, келешекте 20 авиажасақты құру.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15