Түркияда шеру кезінде 1400-ден астам адам тұтқындалды
Түркияда жетінші күнге ұласқан шерулер кезінде тұтқындалғандар саны 1418-ге жетті. Қарсылық акциясының басталуына Стамбұл мэрі Екрем Имамоғлының жемқорлық үшін айыпталып, тұтқындалуы себеп. Қамалған оппозиционер тағылған кінәні мойындамай, істің саяси астары барын мәлімдеп отыр. Президент Реджеп Тайып Ердоған болса, бұл уәжді жоққа шығарды. Жалпы алғанда, Имамоғлының ұсталуына қарсы демонстрациялар елдің 81 провинциясының 55-де өткен. Оппозиция шеруді жалғастыра беретінін жариялады. Ал Ердоған «көшедегі террор» тоқтауы қажет деп ескерту жасады. «Рейтердің» хабарлауынша, Анкарада наразылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15