Шекара маңындағы ауылдарда халық азайып кетті
Қазақстанның шекара маңында орналасқан 40 ауданда халық саны азайып кеткен. Әсіресе бұл ауа райы қатаң Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында анық байқалуда. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров үкіметке осылай деп депутаттық сауал жолдады. Өйткені шекарадан 50 шақырым аралықтағы елдімекендер мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан депутат шекаралық елдімекендерге жасалатын көмекті қолға алу керек деді.
Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шекаралық елдімекендерге берілуі тиіс жеңілдіктер әлі де іс жүзіне аспады. Бұл шекаралық аудандарға қатысты көзделген мемлекеттік қолдау тетіктерінің түрлі нормативтік актілерде шашырап кетуіне, оларды үйлестіретін жауапты уәкілетті органның бекітілмеуіне байланысты болып отыр. Сондықтан «Қазақстан Республикасының шекаралық аумақтарын дамыту туралы» арнайы заң қабылдау өте маңызды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53