Ұялы байланыс пен интернет тарифтері қымбаттайды
Елімізде ұялы байланыс пен интернет тарифтері тағы қымбаттайды. Бұл туралы байланыс операторлары хабарлады. 21 сәуірден бастап қызмет құны шамамен 200 теңгеден 3000 теңгеге дейін өседі. Кей компаниялар мұны желілерді жаңғыртуға, күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалатын шығындардың өсуімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ инфляция сияқты сыртқы факторлар да себеп дейді. Мәселен, Kcell мен Activ тарифтерінің бағасы 300-700 теңге аралығында көтеріледі. Өзгеріс кейбір мұрағатталған тарифтік жоспарларға да әсер етеді. Ал Beeline өзге байланыс операторларын күтпей-ақ бағаны ақпанда өсірген, 200-2400 теңге аралығында. Ал Altel мен Tele2 тарифтерінің құнын кем дегенде 1000 теңгеге, ең көбі 3000 теңгеге қымбаттады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15