Израиль Бейрутке қарашадан бері алғаш рет соққы берді
Израиль әуе күштері Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігіне қарашадан бері алғаш рет соққы берді. Мақсат – «Хезболланың» дрондар қоймасын жою. Себебі мұның алдында еврей мемлекетінің солтүстігіне Ливаннан екі ракета жіберілген. Алайда, «Хезболла» сол зымырандық шабуылға өзінің қатысы жоқ екенін хабарлады. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бір анығы - операция қарсаңында Израиль Ливан тұрғындарына эвакуация туралы ескерту жасаған. Естеріңізге сала кетсек, Израиль Газа секторындағы соғыста «Хамасты» қолдаған «Хезболла» күштерімен былтыр күзде шайқасты. Оның нәтижесінде 4 мыңдай ливандық қаза тауып, бір миллионнан астамы үйлерін тастап кеткені белгілі.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00