Мьянмада жер сілкінісі құрбандарының саны 1700-ден асты
Мьянмада жер сілкінісінен кейін 60 сағат өткенде үйінді астынан 4 адам тірі табылды. Естеріңізге сала кетсек, бұл мемлекетте жұма күні қуаты 7,7 баллдық зілзала болды. Одан қаза тапқандар саны 1700-ге жетіп отыр. Тағы жүздеген тұрғын жоғалып кеткен. Оларды іздеу-құтқару операциялары тоқтаған жоқ. Ал көршілес Таиландта 18 адам зілзала құрбаны болды.
Мьянмада алапат жер дүмпуінен әсіресе Мандалай қаласы қатты зардап шекті. Мұнда биік үйлер, мектептер, балабақшалар жермен жексен болып, жолдар бұзылып, көпірлер құлады. Осы Мандалайда жексенбі күні зілзала қайталанып, оның магнитудасы 5,1 балға жеткен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00