Қостанай облысында айналма жолды су шайып кетті
Қостанай облысында Дәмді өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, Әулиекөл-Жалдама айналма жолын су басты. Бұл жол ескі көпір жөнделіп жатқан соң, уақытша қатынас үшін былтыр салынған еді. Енді облыс орталығынан Арқалық, Амангелді, Жангелдин аудандарына тура апаратын жалғыз бағыттағы көлік қозғалысы шектелді. Алайда Жезқазған-Петропавл бағытытындағы Державинск қаласы, Торғай-Шилі-Аралкөл жолдары арқылы айналма жолмен жетуге болады. Қазір бұзылған жолға су өткізетін 11 құбыр төселіп, қатынас қалпына келтіріліп жатыр.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14