Мьянмада 5 күн өткеннен кейін үйінді астынан адам құтқарылды
Бұл – зілзаладан соң 5 күн өткеннен кейін үйінді астынан тірі қалған ер адамды құтқару сәті. Өрт сөндірушілер 26 жастағы жігітті ел астанасы Нейпьидода құлаған ғимарат астынан алып шыққан. Әзірге оның жағдайы белгісіз. Елде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда тірі қалғандарды табуға үміт азайып барады. Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі наурыздың 28-інде болды. Табиғи апаттан 3 мыңнан астам адам құрбан болған. Елде сәуірдің 6-сына дейін аза тұту жарияланды. Биліктегі әскери хунта қарулы оппоненттеріне қарсы атысты осы айдың 22-іне дейін доғаратынын мәлімдеді. Уақытша бітім зілзаладан кейін елді қалпына келтіру үшін жарияланған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15