Қазақстан-Жапония параспортшылары арасындағы матч
Астанада волейболды отырып ойнаудан Қазақстан мен Жапония құрамалары арасында жолдастық матч өтті. Кездесудің басты мақсаты өзара тәжірибе алмасу. Сондай-ақ қоғамды паралимпиадалық спорт түрлерімен таныстыру, еліміздегі инклюзивті ортаны дамыту. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы – волейболды отырып ойнау бойынша Азия Пара ойындарының жүлдегері. Париж-2024 Паралимпиада ойындарында үздік бестіктен көрінген команда. Жерлестеріміз қазір Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысуға дайындалып жатыр.
Бауыржан Тахауов, отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Әр ай сайын бірнеше мықты командалармен бірігіп, оқу жаттығу жиынын өткіземіз және тәжірибе алмасамыз. Спортшыларымыз шеберліктерін шыңдап жатыр. Мақсатымыз - 2028 жылы өтетін паралимпиада ойындарына жолдама алу.Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15