Ақмола облысында тасқын қауіпі толық сейілген жоқ
Ақмола облысы бойынша жағдай тұрақталды, дегенмен тасқыннан келер қауіп толық сейілген жоқ. Кейбір елдімекендерге әлі де су кіріп жатыр. Тасқынмен күрес жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі мен Ішкі істер министрлігінің мамандары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, тіпті Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған. Өңірдегі ахуал жайлы тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Ақмола облысында жағдай тұрақты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарлады. Десе де тасқын қаупі әлі де болсын толықтай сейілген жоқ. Кейбір елдімекендерге су әлі кіріп жатыр. Мәселен, біз тұрған Ескі Колутон ауылындағы 9 үйге су кірген. Көршілес орналасқан елдімекендерге де тасқын судың зардабы тиген. Сондықтан бөгет салу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін біз Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысымен тілдескен едік. Оның ақпарынша, қазір өңірде тасқынға қарсы күрес жұмыстарына 700-ден астам маман жұмылдырылған. Оларға ІІМ мен әскерилер де қолқабыс етіп жатыр. Аудан әкімі жағдай бақылауда, дейді. Мына біз тұрған Ескі Колутон ауылының тұрғындары толық эвакуацияланбады. Өйткені тұрғындар өздері қарсы болған. Бүгін оларға ауызсу, көрпе-төсек пен электр энергиясын өндіретін құрылғылар жеткізілді. Өйткені қазіргі жағдайға байланысты халық жарықсыз қалуы мүмкін. Түсіру тобы дәл осы тасқыннан қауіп төніп тұрған аймақ та жұмысын жалғастырады, жағдай біздің назарымызда.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07