Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген ер адам 22 жылға сотталды
Былтыр көктемде мас күйінде көлік тізгіндеп, күзетшіні әдейі бірнеше рет қағып, артынша ұрып өлтірген Асқар Тастандиевке қатысты сот үкімі шықты. Оған екі бап бойынша «асқан қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» және «жеке өмірге қол сұғу» баптарымен айып тағылған. Сот оны кінәлі деп тауып, 22 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Сот жабық режимде өтті. Еске салайық, былтыр наурыз айында Алматыдағы «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні бірнеше рет көлігімен басып қана қоймай, оны ұрып-соққан. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03