Қостанай облысында өлі балықтың 7 тоннасын жинаған
Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Татыр көлінде балық жаппай қырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. Қазір жағалау тазартылып жатыр. 7 тоннаға жуық сазан, табан, шортанның өлекселері жиналды. Жағдайдың неден болғаны әзірге белгісіз. Себебін анықтау үшін, көлден су сынамасы алынып, зертханалық тексеріске жіберілді.
Мұрат Моргулов, Тобыл – Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:
Су айдынының аумағы шамамен 768 гектар. Былтыр көлге су келді. Бірақ нақты иесі болмағандықтан, ешқандай мелоративті шаралар жүргізілмеген. Яғни оттегімен қамтасыз ету үшін ойықтар ойылмаған. Біздің ойымызша, балықтар ауа жетпей тұншығып өлген. Қазіргі кезде су бетіндегі, жағалаудағы өлекселерді жинап, оларды жою жұмыстары жүріп жатыр.
Мәдина Ерікқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14